Түлкібаста 90 мыңға жуық гүл егілмек

Қысқаша

Кәсіпті дөңгелетіп әкету үшін оның қыр-сырын меңгеру керек екені айтпасада белгілі. Ал,

image.png

Кәсіпті дөңгелетіп әкету үшін оның қыр-сырын меңгеру керек екені айтпасада белгілі. Ал, кәсіпкерлікпен айналысып, көл көсір пайдаға кенелемін деушілерге мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар көрсетілуде.

Әдеміліктің нышанына айналған гүлдерді отырғызатын маусымда Түлкібас ауданына қарасты барлық елді-мекендерінде жаздық гүлдерді отырғызу жұмыстары қарқынды іске асуда.

Көктем мезгілінде жайнаған гүлдерге қарасаң, көзің тоймайды. Көшедегі шаңды басатып, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын бір жылдық және көпжылдық гүлдердің дені Раушан гүл, Түймедақ, Лалагүл, Райхан гүл, Питуния, Сәндігүл т.б

Бүгінгі таңда аудан көлемінде әлеуметтік нысандарға, көше бойларына жалпы алғанда 8 700 түп гүл егіліп, күн шуағына әр түрлі түсті кілем секілді жайқалып тұр. Мамыр айына дейін аудан аумағындағы барлық елді мекен көшелеріне 90 мыңға жуық гүл көшеттерін отырғызу жоспарлануда.

Сондай-ақ, бүгінде Түлкібас ауданында мал бордақылау кәсібінің қыр-сырын меңгеріп, өз шаруашылығын дөңгелетіп отырған кәсіпкерлердің қатары артып келеді.

Ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сәйкес биылғы жылы 74 кәсіпкер 10-15 бастық мал бордақылау алаңдарын салуды жоспарласа, соның 64-і жоспарларын жүзеге асырып, өз жұмысын бастап кетті.

Бүгінгі таңда аудан аумағындағы жалпы 117 мал бордақылау алаңдарында 1550 бас жылқы, 3400 бас ірі қара, 700 бас уақ мал бордақылануда.