Биыл Төлеби ауданында 63,1 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы өнімдері егіледі деп жоспарланды. Негізгі басымдық дәнді және бұршақты дақылдарға берілмек. Толығырақ айтсақ, 5,5 мың га жаздық бидай, 6,5 мың га жаздық арпа, 0,1 мың га ноқат егіледі. Ал, 8,4 мың га күздік бидай егіліп қойған. Сонымен қатар аудан диқандары майлы дақылдардан 12,5 мың гектарға мақсары, 0,1 мың гектар күнбағыс егуге ниетті.
2020 жылы ауданымызда егін алқабына 4,7 мың га жоңышқа, 0,2 мың га сүрлем жүгері тұқымы себілмек. Ескі жоңышқа аумағы 22,2 мың га құрайды. Бұдан бөлек 1,3 мың га картоп, 1,8 га көкөніс егіледі.
Ағымдағы жылы ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлем индексін (өткен жылдың кезеңімен) 105 %-ға, ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынатын инвестицияларды 3461,5 млн.теңгеге өсіру жоспарланды. 500 га жерге жаңбырлатып суғару технологияларын енгізіледі. Бұл өз кезегінде ағын суды тұтыну көлемін азайтып, өнімділікті арттырмақ.
Сонымен бірге аналық ірі қара малды тұқымдық түрлендіруге қатысу үлесін 9400 басқа, ІҚМ басын импорттауда 306 басқа арттыру жоспарлануда.