Келестік қарбыздар ресейде сатылуда

Қысқаша

Оңтүстік өлкесінде қарбыз ерте піседі. Бүгінде несібесін жер анадан терген диқандар ал

image.png

Оңтүстік өлкесінде қарбыз ерте піседі. Бүгінде несібесін жер анадан терген диқандар алғашқы өнімдерін шет елге экспорттауда бастады. Бұл бағытта мемлекеттік қолдауда көрсетіліп отыр.

Келес ауданы, Бозай ауылдық округінде қарбыз пісіп, еліміздің және көрші Ресей Федерациясының қалаларына жүк көліктеріне тиеліп, жөнелтілуде.

«Әбіл» шаруақожалығы иелігіндегі суармалы 40 га аймаққа 12-13 диқандар көктемгі ерте пісетін қарбыз дақылын еккен болатын. Өткен жылмен салыстырғанда өнім көлемі артып, диқандар мол өнім жинап жатыр. Бүгінгі таңда 100 тоннадан астам қарбызды келестік диқандар қарбыздың тоннасын 135-130 мың теңгеден көрші Ресей еліне жөнелтуде.

Қалған диқандар өнімдері дайын, саудагерлермен келіссөздер жүргізілуде. Диқандардың сөзінше өткен жылыда дәл осы бағадан сатылған, бірақ бұл жылы өнім көлемі артып, табыс өткен жылмен салыстырғанда біршама еселенген. Осы жылы тың әдіс пайдаланылып, өткен жылмен салыстырғанда 4-5 күнге ерте пісіп, өнім көлемі артқан. Соңғы үлгідегі тәсілдерді егін шаруашылығына ендірген дигандар, мемлекеттік қолдауға да ие болып отыр.

Сондай-ақ, елде жарияланған төтенше жағдайда да егіншілдердің еңбегіне еш кедергі келтірмепті.