Ауыл шаруашылығына шетелдік технологиялар ендірілуде

Қысқаша

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын егістік жерлердің көл

image.png

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын егістік жерлердің көлемі 857,2 мың га құрайды. Қазіргі кезде көктемгі дала жұмыстарының 92%-ы аяқталған.

Егістікті әртараптандыру бағытына сәйкес, картоп, көкөніс, бақша дақылдарының алқабы өткен жылмен салыстырғанда 3,2 мың га артып, 122 мың га құрап отыр. Мал азығы дақылдары 11,6 мың га артып, 213 мың га жетті.

Облыста масақты дақылдар егістігі өткен жылмен салыстырғанда 4,8 мың га азайып, 213 мың га құраған. Мақта дақылының егістігі 12,7 мың га азайтылды, 118 мың га жерге егілді. Ал майлы дақылдар өткен жылғы деңгейде — 91,4 мың га алқапқа егілген.

Түркістан облысында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру үшін 3 негізгі бағыттағы жұмыстар қолға алынған. Шаруа қожалықтары 3 кооперативке біріктіріліп, техникамен қамтамасыз етілді, оның ішінде 11 мың га жаңбырлатып суару технологиясын енгізілді. Итальяндық технологиямен 1 200 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы және австралиялық технологиямен 10 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңы құрылды. Сонымен қатар күркетауық фабрикасын жем-шөппен қамтамасыз ету жобасы бар.

Қазіргі таңда 11 мың га жерге 10-15 кооператив құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ал кооперативтерге бірікпейтін 2-3 га жері бар агроқұрылымдар үшін бір алқаптан жылына 2-3 рет өнім алу жобасын енгізілуде.

Бұл жобаның тиімділігі 1 га алқаптан жылына 6 млн теңгеден астам табыс табуға мүмкіндік беріп отыр.