Өңірдің дамуына арналған жобалар көп

Қысқаша

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласы мен сауда саласы бүгінге дейін халықтың негі

image.png

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласы мен сауда саласы бүгінге дейін халықтың негізгі күнкөріс көзі болып саналып келді. Оған соңғы кезде туризм саласы қосылды. Енді облыс орталығында өндірістер дамып, индустрияландыру қарқын алмақ. Бұл мақсатқа жету үшін өңірде үлкен жұмыстар жүзеге асуда.

Өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында 2019 жылдың ақпан айынан бастап «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамының жұмыс істеуіне жергілікті бюджеттен 2 жыл мерзімге 600 млн. теңге бөлінді.

«TURKISTAN» АЭА аймағы 5 субаймаққа бөлінген, оған ауданы 297 гектарлық тарихи орталық, ауданы 1350 гектарлық әкімшілік іскерлік орталығы, ауданы 365 гектарлық және 35 гектарлық өнеркәсіптік аймақтар, ауданы 967 гектар болатын әуежай кіреді.

Қазіргі таңда «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы тарихи-мәдени орталық аумағында жалпы сомасы 38,0 млрд. теңгені құрайтын «Шығыс базары» жобасы бойынша, әкімшілік-іскерлік орталықта жалпы сомасы 33,6 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба бойынша, Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «BI GROUP» ЖШС және YDA (Түркия) холдингімен мемлекеттік-жеке серіктестік арқылы ӘІО аймағында жалпы сомасы 110 млрд. теңгені құрайтын көп салалы медициналық аурухана құрылысы бойынша, сондай-ақ өнеркәсіптік аймақта жалпы сомасы 17,6 млрд. теңгені құрайтын 8 жоба бойынша келіссөздер жүргізілуде.