Тоғыз жолдың торабында орналасқан Түркістан қаласы сауда-саттық жасауға өте ыңғайлы өңір. Мұнда ауыл шаруашылығымен қатар өндірісте күн сайын өркендеп келеді. Ал, шағын орта бизнес түркістандықтардың негізгі кәсібіне айналғаны біраз уақыт болған.
Шаһарға Түркістан өңірімен шектесіп жатқан көршілес облыстардың бірнеше аймағының тұрғындары келіп сауда-саттық жасайды. Теміржол, халықаралық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі Түркістанның бойында жатқандықтан және Түркістан бағзы заманнан бері осы төңіректегі бүкіл елдің базарлайтын басты қаласы, мәдени орталығы болғандықтан бұл мәртебе қаланы Қазақстанның оңтүстігіндегі негізгі сауда-логистикалық хабына айналдырды.
Түркістан қаласында орналасқан «Айбек ЛТД» ЖШС жобалық қуаты жылына 20 000 м2 жабын плитасын құрайды. Жылына 660 м3 тауарлық бетон, 7 000 дана іргетас блоктарын шығаруға қауқарлы. Жобалық құны 216 млн. теңгені құрайтын кәіпорында 57 жаңа жұмыс орны ашылды. Жауапкерлігі шектеулі серіктестік жабын плиталарын, іргетас блоктарын және тауарлық бетонды өндіреді.
«Соут Aлю Пласт» ЖШС мекемесі құны 600 млн. теңгеге жақын зауытын іске қоспақшы. Бүгінгі таңда бұл мекеме дайын асфальт шығарып, Түркістан қаласының жолдарының жақсаруына өз үлесін қосуда.