Катко көмек бермек

Қысқаша

Бүгінде мемлекеттік деңгейде уран өндірісі жандануда. Түркістан облысының Созақ ауда

image.png

Бүгінде мемлекеттік деңгейде уран өндірісі жандануда.  Түркістан облысының Созақ ауданында орналасқан өндіріс орындары елге көмек беру ісін де қолға алып келеді. Кәсіпорын Түркістан облысы мен Шымкент қаласына өкпені жасанды желдететін 6 аппарат сатып әпермек.

Созақ ауданында уран өндірумен айналысатын «КАТКО» қазақ-француз біріккен кәсіпорыны Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы ауруханаларға өкпені жасанды желдететін 6 аппарат сатып әперуді көздеп отыр. Құны 100 миллион теңгені құрайтын медициналық жабдықтар жақын арада АҚШ-тан жеткізілмек. Кәсіпорынның бас директоры Жерар Фриестің айтуынша, заманауи аппараттың 3-еуі Түркістан облысына, қалғаны Шымкент қаласындағы ауруханаларға берілмек.

-Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны күннен-күнге көбейіп келеді. Осыған байланысты кәсіпорын бірнеше әлеуметтік жобалар әзірлеп, індеттен зардап шеккендерге қол ұшын созғалы отыр. Ауруханаларды медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету – соның бір парасы. Себебі, біз үшін бәрінен бұрын адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі қымбат, - дейді кәсіпорын басшысы.

Айта кетейік, «Катко» - әлемдегі уран өндіретін ірі компаниялардың бірі. Осы компанияның негізінде құрылған қазақ-француз кәсіпорыны 1996 жылдан Созақ ауданында уран өндірумен айналысады. Жылдық межесі 4 мың тоннаны құрайтын кәсіпорында бүгінде 1200 адам жұмыс істейді. Соның 55 пайызы – аудан тұрғындары.