​Арыста 4 мың гектар жерге жаңбырлатып суару әдісін енгізеді

Қысқаша

Мемлекет басшысы өз Жолдауында жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін цифрла

 Түркістан облысында АҚШ технологиясымен жаңбырлатып суару тәсілі ...

Мемлекет басшысы өз Жолдауында жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін цифрландыру жөніндегі қанатқақты жобаларды табыстарымыздың берік кепіліне айналдырып, бұл тәжірибені кеңінен тарату міндетін алға қойған болатын. Соған байланысты еңбек өнімділігін түбегейлі арттыру, өнімнің сапасын жақсарту бағытында инновациялық сипатқа ие өміршең бағдарламалар жергілікті жерлерде кеңінен қанат жайып келеді.

Әлемдік нарықта жоғары сапалы технологиясымен танымал болған әйгілі компания бұл орайда Түркістан облысына ұтымды жобаларын ұсынып отыр. Соның аясында «Turkestan agro.kz» компаниясымен бірлесе Арыс қаласында 4 мың гектар жерде жаңбырлатып суару әдісін енгізіп, мал азығын егуді қолға алады.

 Америкалық инвесторлар аймақтың егін шаруашылығы үшін қолайлы климаты қызықтырып отыр. Шетелдік ірі компания иелері өніммен ішкі нарықты қамтамасыз етуді, экспортқа шығара отырып, аймақтың экономикалық даму қарқынын көтеруді көздейді. Арысқа назары ауған АҚШ инвесторларының технологиялары қашықтықтан басқарылып, су, электр жарығын тұтынуда да өте үнемді. Бірлескен жоба ең алдымен жаңбырлатып суару жүйелерін орнату және қолданыстағы инфрақұрылымды жетілдіру жұмыстарымен басталмақ.  Шетелдік компания өкілдері сонымен қатар мал шаруашылы саласын дамытуға да өз үлестерін қоспақ. Арпа мен жүгері егіп, мал шаруашылығын дамытпақ. Дәлірек айтқанда, 20 000 ірі қара малды бордақылауға арналған ашық алаңын салуды жоспарлауда.