​Баламалы энергияның қолжетімділігі артады

Қысқаша

Түркістан облысында парниктік газдар мен басқа да ластаушы заттардың шығарындыларын

 Баламалы энергия. Қазақстан мұнайға тәуелділіктен қашан құтылады ...

Түркістан облысында парниктік газдар мен басқа да ластаушы заттардың шығарындыларын азайту үшін жасыл технологиялар мен «таза» энергетика дамытылуда. Климаттық тәуекелдерді түсіну жаңартылатын энергия көздерінің дамуына маңызды қадам жасауға мүмкіндік береді. «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы мен ЖЭК жобаларын іске асыру бойынша инвесторлар үшін жағдайлар жасалды.

Былтыр Отырар ауданы, Шәуілдір ауылының маңында жер телімінің ауданы 100 Га жерде 50 МВт күн электр стансасы үшін алғашқы жобалық аукцион өткізілді. Оған Қазақстан, Германия, Италия, Қытай, Нидерланды және Ресейсияқты 6 елден 7 компания қатысып, «Arm Wind» ЖШС компаниясы атанған болатын.

Баламалы энергия көздерімен айналысатын «Arm Wind» (ENI) халықаралық энергетикалық компания жасыл экономика мен бизнес климатты жақсарту сынды салаларды бірлесіп дамытпақ.

Елімізде көмірқышқыл газдың шығарылуын төмендетудің маңыздылығы мен Түркістан өңірінің жел және күн энергиясын пайдаланудағы әлеуеті зор.

Мұнай, газ, электр энергиясын барлау, өндіру, тасымалдау, өңдеу және өткізу саласында белсенді дамып келе жатқан біріктірілген алпауыт компания Түркістан өңірінде жаңашылдық заман талабына сай технологияларды қолданатын ең тиімді жолдарын жүзеге асырмақ. Түркістан өңірінің нарығына енген ENI компаниясының басшылығы мұндай жобаларды жүзеге асыру энергияны пайдалану жүйесін жетілдіруге сеп болады. Бұл өз кезегінде, қоршаған ортаны ластамай, электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді.