«Біз біргеміз» жалғасуда

Қысқаша

«Біз біргеміз» жалғасуда

5e8f0ecfe31c3.jpg

-Түркістан облысында "Біз біргеміз" акциясы жалғасын табуда. Бұл жолы акция аясында Мақтаарал ауданындағы "Хамро ата" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы, жеке кәсіпкер Абудхашим Боев 60 отбасыға азық-түлік пен гигиеналық заттарды үлестіріп берді.Меценат бұған дейін де 200 отбасыға қайырымдылық жасап, көптің алғысын алған болатын,-деп хабарлады Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Қазіргі таңда еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қиын-қыстау сәтте мақтааралдық жомарт кәсіпкерлер халықпен бірге екендіктерін көрсетуде. Бүгінгі акция аясында негізінен Жамбыл, Мақтаарал, Жаңажол ауылдық округтерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасылар қамтылған.

Жалпы Мақтаарал ауданында кенттер мен ауылдық округ әкімдіктері тарапынан Ұлы отан соғысы ардагерлерінің, көп балалы отбасылардың, жалғызілікті аналардың тізімі жасақталып, мұқтаж жандарға антисептикалық құралдар, медициналық маскалар және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түліктер таратылып жатыр.

Айта кетейік, "Nur Otan" партиясы республикалық деңгейде коронавируске қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында Елбасының бастамасымен "Біз біргеміз!" республикалық акциясын жариялағаны белгілі. Қатерлі індетке қарсы күресті күшейтіп, көмекке аса мұқтаж жандарға қол ұшын созуды құптаған қайырымды істі жүзеге асыру үшін Мақтаарал ауданы әкімдігі мен "Nur Otan" партиясының Мақтаарал аудандық филиалы белсенді жұмыстар атқаруда.