Түркістан облысында шаруа қожалықтары судан тапшылық көрмейді

Қысқаша

Бұл ауыл шаруашылығымен айналысатын диқан кәсіпкерлерге көп көмек болмақ. Яғни, шаруалар судан тапшылық көрмейтін болады.

89115305_653337575414529_5022745926599442432_o.jpg

Биыл Түркістан облысы әкімдігінің бастамасымен өңірдегі су қоймалары мен каналдар бетондалады. Бұл ауыл шаруашылығымен айналысатын диқан кәсіпкерлерге көп көмек болмақ. Яғни, шаруалар судан тапшылық көрмейтін болады. Бұл туралы облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігінің Түркістандағы тілшісіне айтып берді. 

– Былтыр облыстағы су нысандарының барлығын республикалық меншіктен коммуналдық меншікке өткіздік. Сөйтіп Үкіметтің қаулысымен бес ірі су нысанын күрделі жөндеу жұмыстарын бастадық. Соның ішінде Арыс-Түркістан магистралды каналының 60 шақырымы бетондалады. Екінші – Кеңсай-Қосқорған су қоймасын салу. Үшінші – Сырдариядан машиналы канал тарту. Төртінші – Шошқакөл жүйесін жаңғырту. Бесінші – Түркістан маңайындағы бұрын жарамсыз болып қалған 134 тік дренажды ұңғыманы қалпына келтіру. Осы арқылы Түркістан қаласының, маңайындағы аудан-қалалардың су мәселесін түбегейлі шешеміз деп отырмыз. Осы жоба жүзеге асқан жағдайда қосымша 196 текше метр ағын сумен Кентау ауылдарын, Түркістан маңайын қамтимыз деп жоспарлап отырмыз, – дейді облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.