Құқығы жоқ болса да мас хәлде көлік жүргізіп сотталды

Қысқаша

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес Полиция департаментінің қызметкерлері

92.jpg

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес Полиция департаментінің қызметкерлері арнайы тұрақты түрде рейдтік және жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізіп келеді. Мақсаты – жол-көлік апаттарын болдырмау және мас халде көлік тізгіндегендерді анықтап ұстау, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің белгіленген жол қауіпсіздігі ережесін сақтауын қадағалау. Сондай рейдте Түлкібас ауданының тәртіп сақшылары құқығы жоқ болса да мас хәлде «Volkswagen» маркалы автокөлігін жүргізген азаматты ұстады.

Тексеру кезінде жүргізушінің 2017 жылдың қыркүйек айында Түлкібас аудандық сотының шешімімен 3 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Бірақ, ол көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, қайта ішімдік ішіп көлік жүргізген. Медициналық сараптамаға сәйкес, жүргізуші «орташа» дәрежеде мас халде болған. Жүгенсіз жүргізуші Түлкібас АПБ-не жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша тіркелді. Жинақталған іс-құжаттары аудандық сотқа жолданды. 

Осылайша Түлкібас аудандық сотының үкімімен жүргізуші ҚР ҚК-нің 346-бабымен кінәлі деп танылып, өмір бойы көлік басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. 

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға әрдайым абай болу және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Тәртіп сақшылары жылдамдықты асырмауды, маневр жасау ережелерін бұзбауды, қарсы қозғалыс жолағына шықпауды және басқа да құқық бұзушылықтады жасамауды ұсынады. «Ең бастысы ішімдік ішіп көлік тізгіндемеңіз. Бұл өз өміріңізбен қатар, өзгеніңде өміріне қауіпті болмақ», — деп ескертеді жол сақшылары.

    A+
Уақыты: 2020-08-05  Айдарша: Құқық
TAG: