Мас хәлде көлік жүргізіп, заң бұзған 441 адам ұсталды

Қысқаша

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес Полиция департаментінің қызметкерлері

Мас хәлде машина айдап ұсталды- RG media - ақпараттық агенттігі

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес Полиция департаментінің қызметкерлері жол-көлік апаттарын болдырмау және мас халде көлік тізгіндегендерді анықтап ұстау, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің белгіленген жол қауіпсіздігі ережесін сақтауын қадағалау мақсатында тұрақты түрде рейдтік және жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізіп келеді. Осындай рейдтерге тәулік бойы шыққан патрульдік полиция қызметкерлері жыл басынан бері мас халде көлік басқарған 441 жүргізушіні ұстады. 

Заңбұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша хаттамалар толтырылған. Оның ішінде 377 азамат әкімшілік қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылған. Оған қоса мас күйінде көлік басқарғандар 10-нан астам жол-көлік оқиғасына себепші болған.

Айта кетейік, 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мас халде көлік жүргізген жүргізушілерге байланысты талаптарды қатаңдатқан болатын. Яғни бұл заңнамада көлік жүргізуші мас халде автокөлік басқарған жағдайда оны 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру және 15 тәулікке қамауға алу шарасы көзделген. 

    A+
Уақыты: 2020-08-05  Айдарша: Құқық
TAG: