Дәр-дәрмекті заңсыз қымбаттатқандар ұсталды

Қысқаша

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен жергілікті әкімдіктер мен құқық қорғау орган

цеф.jpg

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен жергілікті әкімдіктер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінен құрылған мобильдік топтардың заңсыз дәрі-дәрмекті қымбаттатып сатудың жолық кесу мақсатындағы рейдтері жалғасуда.  

Сондай профилактикалық рейд барысында Төлеби ауданы, Зағамбар ауылының орталық көшесінің бойында орналасқан дәріхананың сатушысы «азитромицин» 500 мг, «аспирин» «парацетомол» «ксон» дәрісі «долана тұндырмасы» дәрісі «мезим форте» дәрілерін қымбат бағамен сату барысында ұсталды.
Дәріхана сатушысы өз түсініктемесінде жеке басының пайдасы үшін аталған дәрілерге үстеме ақша қосып сатқанын жеткізді. Бұл жайт Төлеби аудандық Полиция бөліміне тіркеліп, заңдылығын тексеру үшін тиісті басқармаға жолданды. Бұдан басқа өңірде анықталған 17 жайт Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасымен қауіпсіздігіне бақылау комитетіне жолданды.
Бұл бағыттағы жұмыстар Түркістан облысы полицейлері тарапынан өз жалғасын таппақ. Алдағы уақытта қандай да бір дәрі сатудағы заңсыздықты көрсеңіз, тез арада полицияның "102" нөмеріне хабар беріңіздер.

    A+
Уақыты: 2020-07-15  Айдарша: Құқық
TAG: