Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен жергілікті әкімдіктер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінен құрылған мобильдік топтар үстеме бағамен дәрі сатудың 19 жайтын анықтады. Оның төртеуі белгіленбеген орында дәрі-дәрмек сату болса, 15-і дәріханада қымбат бағамен дәрі-дәрмек сатуға қатысты тіркелді.
Облыс көлемінде тіркелген 19 жайтқа байланысты айғақты зат ретінде 1500-ге жуық дәрі-дәрмек, 4982 дана бетперде, 10 дана қолғап алынды.
Атап айтқанда, Жетісай қаласы Ынтымақ ауылы, Көрікті көшесі бойында орналасқан «Мерей» дәріхана сатушысы 10 дана «медициналық бетперде» бағасы 100 теңгеден /бекітілген баға 60 теңге/, 5 дана «аскорбин қышқылы» 200 теңгеден /бекітілген баға 60 теңге/, 2 дана «Ринза» препаратын 600 теңгеден /бекітілген баға 500 теңге/, «Нимесил» дәрісін 4300 теңгеден /бекітілген баға 3300/, 2 дана «цитромон уды» 200 теңгеден /бекітілген баға 60-теңге/, 5 ампула «новокайнді» 50 теңгеден /бекітілген баға 40 теңге/, 5 дана «Цефриаксонды» 500 теңгеден /бекітілген баға 300 теңге/ сату барысында ұсталды.
Сонымен өатар, ааталған ауданның Зерделі елді-мекенінде Түркебай көшесіндегі тұрғынның есік алдында орналасқан азық-түлік дүкенінде заңсыз дәрі-дәрмек препараттарын сатып жатқаны анықталды. Полицейлер жедел-іздестіру шарасы барысында айғақтық зат ретінде «Нол Грипп», «Кетанов», «Тетрациклин», «Платимазол», «Димидрол», «Мезим», «Тайлол хот» және т.б дәрі-дәрмектерді тәркіледі.