Түркістанда полицейлер күшейтілген тәртіпте қызмет атқарады

Қысқаша

Төтенше жағдай режимі басталғаннан бері Түрксітан облысының полицейлері 200-ден астам з

каратин.jpgТөтенше жағдай режимі басталғаннан бері Түрксітан облысының полицейлері 200-ден астам заң бұзушылықты анықтады. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 
Тәртіп сақшыларыдың араласуымен екі жүзден астам заң бұзушының 80-іне тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік айыппұл салынды. Төртеуіне ескерту жасалып, 50-ден астам тұрғын әкімшілік қамауға алынды. Сотта 59 әкімшілік іс қаралды. Жалған ақпаратты таратудың 9 жайты анықталды. Олардың барлығы анықталып, күдікті жалған ақпарат таратушылар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 274-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес ел аумағындағы төтенше жағдай режимі ағымдағы жылдың мамыр айына дейін ұзартылды. Түркістан облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау және облыс аумағында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында 2020 жылдың 18 сәуірі күні сағат 24:00-ден бастап карантин енгізіледі. Осыған байланысты, Түркістан облысы полиция департаментінің барлық жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне көшті» делінген аталған департамент таратқан хабарламада.

    A+
Уақыты: 2020-04-18  Айдарша: Құқық
TAG: