Түркістан полицейлері оннан көп пәтерді тонаған ұрыны ұстады

Қысқаша

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан ҚПБ қызметкерлері күдікті ретінде бұрын сотты болған жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

туруры.jpg

Түркістан қаласының полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны арызданып, белгісіз тұлғалар оның үйінен ақша, алтын бұйымдары мен ноутбугын ұрлап кеткенін жеткізді. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 900 мыңнан астам теңгені құрады. Қалалық полиция басқармасына осыған ұқсас, яғни үйінен бағалы заттарын ұрлатқан 10-нан астам қала тұрғыны шағым түсірген.

Аталмыш пәтер ұрлықтарын ашу мақсатында полиция қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, оның ішінде қылмыс орындарын мұқият тексеріп, үй-үйді аралап, куәгерлерден жауап алды. Сондай-ақ бейнебақылау камералары мен ұрланған заттарды сатып алатын орындар, атап айтсақ, ломбардтар, базарлар мен басқа да сауда нүктелерін тексеріп шықты.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан ҚПБ қызметкерлері күдікті ретінде бұрын сотты болған жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

Қазір тергеу барысында ұсталған азаматтың 10-нан астам пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Күдікті үй иесінің жоқтығын пайдалана отырып, сыртқы есіктері немесе терезе жақтауларын ашу арқылы жәбірленушілердің үйіне кіріп, ақша, тұрмыстық техника, алтын бұйымдар мен басқа да бағалы заттарды ұрлап отырғаны белгілі болды. Ұрланған мүлікті ол одан әрі базарларда сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған.

Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ұсталған күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

    A+
Уақыты: 2020-03-23  Айдарша: Құқық
TAG: