Көше жөндеу жұмыстары жалғасуда

Қысқаша

Бірінші кезең – 23 қазан күні Елшібек батыр мен Жанқожа батыр көшелері аралығы және екінші кезеңде – 24 қазан күні Аймауытов және Елшібек батыр көшелері аралығында көлік қозғалысы шектеледі.

Screenshot_10.png

Шымкент қаласындағы орталық магистралды жолдың бірі  саналатын Ақназар хан көшесі орташа жөндеуден өтуде.  Жөндеу жұмысы осы жылдың сәуір айында басталған болатын. Құрылыс жұмыстарын «Базис-К» мердігер мекемесі атқарып жатыр.  Жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары басқармасы 23-24 қазан күндері Ақназар хан көшесінің екі кезең бойынша жөндеу жұмысына  байланысты жабылатынын мәлімдеді.

Бірінші кезең – 23 қазан күні Елшібек батыр мен Жанқожа батыр көшелері аралығы және екінші кезеңде – 24 қазан күні Аймауытов және Елшібек батыр көшелері аралығында көлік қозғалысы шектеледі.  Көшесінің жалпы ұзындығы, екі жолақты 2,28 шақырымды құрайды. Жолдың төменгі түзету қалыңдығы 4 см, ал асфальт бетонның беткі қабаты 5 см болады.

Сонымен қатар қаладағы негізгі көшелердің бірі  Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының бірінші кезеңі бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл Түркістан көшесінен «Ескі қалашық» аумағына дейін аралықты қамтиды.

Нысанның жалпы ұзындығы – 580 метр. Қазіргі таңда жол жамылғысымен бірге 400 метр асфальт төсеу жұмыстары аяқталды.

Қазіргі уақытта құрылыс белдеуінде тұрған екі жекеменшік үй мемлекет мұқтажына алынған. Қалған 180 метр құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда дейді салаға жауапты мамандар.

Айта кетсек, бүгінде құрылыс жұмыстарының 89 пайызы орындалған. 


    A+
Уақыты: 2021-10-23  Айдарша: Өңір
TAG: