Мақсат жазалау емес- бейімдеу

Қысқаша

Мақсат жазалау емес- бейімдеу

25.jpg

Сарыағаш  аудандық пробация бөлімі және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен пробация қызметінде есепте тұрған азаматтармен кездесу ұйымдастырылды. Бұл туралы Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығы хабарлады.  

Кездесуге аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Гүлзат Мейіржанова қатысты. 

Шараның мақсаты – пробация қызметі есебінде тұратын қоғамнан оқшалаумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғаларға қоғамға бейімдеп, олардың қайта қылмыс әлеміне оралмауына, олардың жұмыспен қамтылуына, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетуге, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, кәсіпкерлік дағдыларын үйрету, жұмыссыздық деңгейін қысқарту болды.

Шара барысында қатысушылар пікір алмасып, көкейдегі сауалдарына жауап алды.

Пробация санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі болып табылады. Жалпы елімізде өмірде қадамы шалыс болған азаматтарды түзеу, оның дұрыс жолға түсуіне жәрдемдесу негізгі мақсат болып табылады. Мақсат жазалау емес, түзеу. Олардың өмірден өз орнын табуына көмектесу. Ізгі мақсатты көздейтін осындай шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылып отырылады. 


    A+
Уақыты: 2021-10-22  Айдарша: Өңір
TAG: