Қызметкерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейі тексерілді

Қысқаша

Қызметкерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейі тексерілді

22.jpg

Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Сарыағаш аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы мамандарының қатысуымен мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау аясында Қазтест сынағы диагностикалық тестілеу барысына мемлекеттік, бюджеттік қызметкеткерлер қатысты. 

Айта кетері, Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу болып табылады. Сондай-ақ, Бағдарламаның барлық бағыттары, әсіресе қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жолымен қазақ тілін жаңғырту жөніндегі міндеттерді қамтитын бірінші бағыты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында берген тапсырмасын орындауды көздейді.  Мақалада Елбасы: 

-Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық,-деп атап өткен болатын. 


    A+
Уақыты: 2021-10-14  Айдарша: Өңір
TAG: