Сайрамда биыл 40 шақырымнан астам жол жөндеуден өтеді

Қысқаша

Сайрамда биыл 40 шақырымнан астам жол жөндеуден өтеді



Сайрам ауданы аумағында жалпы 1 276 шақырым автокөлік жолы бар. Оның 55,5 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. Биыл аудан бойынша жалпы 42,1 шақырымды құрайтын 25 көше жөндеуден өтуде.

image.png

Бұдан бөлек, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сай, 40 жыл бойы жөндеу көрмеген Сайрам және Төлеби аудандарын қосатын күрежолға асфальт төселеді. Облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автомобиль жолының 22,5 шақырымы орташа жөндеуден өтуде.

2020 жылы бастау алған жол жөндеу жұмыстары тамыз айында толықтай аяқталады. Жауапты мердігер мекеме — «Корпорация Сити-Строй» ЖШС. Жаңарған жол бойындағы аяқжолдар да орташа жөндеуден өткізілмек.

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында барлығы 306,5 млн.теңгеге 23 шақырым 18 көше орташа жөндеуден өтуде.

Ерекше тоқталатын нысан, соңғы 40 жылда жөндеу көрмеген Сайрам және Төлеби аудандарын қосатын облыстық маңызы бар «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автомобиль жолына биыл орташа жөндеу жүргізілуде (құны 845,0 млн.теңге), Облыс әкімінің тікелей қолдауымен жөнделген жол жыл соңында толық пайдалануға берілмек.

Атқарылатын жұмыстар нәтижесінде жалпы пайдаланымдағы жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 2019 жылғы 48,5%-дан 2020 жылы 55,5%-ға жетсе, 2021 жылы 60%-ға жетеді.

    A+
Уақыты: 2021-08-23  Айдарша: Өңір
TAG: