1083 шақырым жер электронды картаға енгізілген

Қысқаша

1083 шақырым жер электронды картаға енгізілген



Сайрам ауданы, Ақбұлақ ауылдық округінің ауыл шаруашылық жерлерін цифрландыру бойынша егістік жер -5697 га электронды картаға енгізіліп, жоспар 53 % ға орындалған. Жайылымдық мақсаттағы 1083 га жер электронды картаға енгізіліп, жоспар 55,2 % ға орындалды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және өзектендіру жұмыстары бойынша 829 адамды құрап, оның ішінен 218 адам БЖТ төлеген, 26 % орындалған.

image.png

- АӘК бойынша шартты 100 отбасыға, шартсыз 25 отбасыға тағайындалды. Ақбұлақ ауылдық округі бойынша жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күресу жөніндегі мобилді топ мүшелері тарапынан ТО Көлікті бақылау инспекциясымен бірге 5 техникаға айыппұл салынды және 7 құжатсыз ауыр автокөліктер Ақбұлақ ауылындағы уақытша айыптұраққа қойылды,- деді ауыл әкімі Мұрат Жақсымбетұлы.

Электр жарығы бойынша 100% қамтылған. Ауылда көптеген электр бағаналардың тозығы жеткен. "Ауыл - Ел тірегі" 10 күндік іс-шарасы аясында 5 КТП шарбақпен қоршалып, 6 электр бағанасы мен 300 метр сымдары ауыстырылды.

Ауыл округіндегі 32 көше бар, бүгінгі таңда 30 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп барлығы-90% құрап отыр. Ауыл орталығына аудандық маңызы бар Ә.Құрмантаев көшесі өткен. Облыстық маңызы бар көше КХ-3 "Көксәйек-Ақсукент –Шаян" автожолының Ақбұлақ ауылынан өтетін бөлігіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    A+
Уақыты: 2021-08-23  Айдарша: Өңір
TAG: