Сайрамның тәттілері Мадлен мен Ладушки өнімдеріне бәсекелес бола алады

Қысқаша

Сайрамның тәттілері Мадлен мен Ладушки өнімдеріне бәсекелес бола алады



Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылының кәсіпкерлері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Конституция күніне орай ауыл тұрғындарына тарту жасады.

image.png

Қарабұлақ ауылдық округінің Далабазар көшесінде жеке кәсіпкер Шерзад Нишановтың демеушілігімен 70 орындық «Әл Каусар» медицина-сауықтыру орталығы ашылды.

Кәсіпкер жұмсаған инвестиция көлемі-120 млн. теңгені құрайды. Кәсіпорын түрлі науқастарды емдеу мақсатында физикалық терапия, циркулярлық душ, ішек жолдарын тазарту, неврологиялық және жүрек емдеуге қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

Жаңа кәсіпорынның ашылуымен 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, олардың орташа жалақысы 120 мың теңгені құрайды.

Сондай-ақ, ЖК Ш.Ниязходжаеваның «SOFIYA» кондитерлік өнімдері орталығының 2 филиалы қызмет көрсетуін бастады, оның бірі Ақсукент ауылдық округі орталығында болса, екіншісі Манкент ауылдық округі орталығында ашылды.

Жалпы алаңы 72 шаршы метрді құрайтын орталықта 6-8 азамат жұмыспен қамтылмақ.

Аталған кондитерлік орталығы 100-ге жуық тәттілер өндіріп, халыққа қол жетімді бағада ұсынылуда. Сауда орнында таңғы ас ішуге арналған 5-6 орындық қарастырылған.

«Ашық» бағдарламамен «SOFIYA» бренді Шымкент қаласында 2018 жылдан бері, Сайрам ауданында 2021 жылдан халыққа сапалы өнімдерімен қызмет көрсетуде.