Түркістанда Сайрам ауданына бөлінген аумақ көгалдандырылды

Қысқаша

Түркістанда Сайрам ауданына бөлінген аумақ көгалдандырылды



Түркістан қаласы әкімдігінің қаулысымен Сайрам ауданына 8,54 га жер телімі бекітіліп, құжаттары рәсімделді.Сайрам ауданына 2-ші кезеңмен Түркістан қаласында бекітілген 2-сектор аумағында (А. Яссауи атындағы ХҚТУ-нің маңы) зерделеу жұмыстары жүргізіліп, жалпы берілген 9 көшенің ұзындығы 7,48 шақырым құрайтыны анықталды. Іс-шара жоспары бекітілді.

image.png

Сектор аумағында жоспар бойынша 7100 (1750 терек, 2530 арша, 2820 қарағаш) көшеттері егілді. Егілген терек және можжевельник көшеттеріне қада қағылып, желден қорғау мақсатында ағаштар түгел жіппен керілді. Арша көшеттеріне қажетті дәрілер және тыңайтқыштар берілді.

Жер учаскелерін тегістеу жұмыстарын жүргізу үшін, "Сайрам тазалық" ЖШС мекемесі тарапынан 25 жұмысшы және 2 техника бекітіліп, 2600 м³ топырақ төселді. Сектор аумағына 28600,0 шаршы метр көгал егіліп, 16900 метр тамшылатып суару жүйесінің құбырлары іске қосылды. Сонымен қатар, жүйеге су жеткізу үшін 3 КТП трансформатор орнатылып іске қосылды.

Жалпы, отырғызылған ағаштардың саны - 7100 дана, өнгені - 4260 дана (60%), ауырып тұрғаны - 1977 дана (27,8%), қурағаны (алып тасталғаны) - 863 дана (12,2%)

Бүгінгі таңда ауырған ағаштар сары таспамен (лента) байланып, қажетті дәрілер және тыңайтқыштар берілді. Сонымен қатар, суару жүйелері іске қосылып, ағаштар арнайы кесте бойынша суарылуда.