Сайрамда 48911 тұрғынының әлеуметтік мәртебесі толығымен анықталған

Қысқаша

Сайрамда 48911 тұрғынының әлеуметтік мәртебесі толығымен анықталған



Мемлекет басшысының Жолдауында халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту туралы нақты тапсырма берілді. Бұл тапсырма ең алдымен медицина қызметкерлеріне қатысты.

image.png

2017 жылдан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды. Медициналық сақтандыру Қазақстанда ғана енгізілген жүйе емес. Бұл үрдіс әлемнің дамыған елдерінде ондаған жылдар бұрын енгізілген. Баршаңызға белгілі, денсаулық сақтау мекемелерінің «Бекітілген халық тіркелімі» бірыңғай электронды базасында Сайрам ауданы бойынша санаттары сақтандырылмағандар саны 48911 азаматты құрап отыр.

Сондықтан, бұл тұрғындарды қайткенде де «көлеңкеден шығару» мақсатында, жедел ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары қабылданып, 2 рет штаб отырысы ұйымдастырылды. Аудан тұрғындарының сақтандыру жүйесіне тең дәрежеде қатысуын қамтамасыз ету үшін ауыл әкімдері мен тиісті сала басшыларына мәселеге жауапкершілікпен қарау жөнінде тапсырмалар берілді. Бүгінде 48911 азаматтың әлеуметтік мәртебесі толығымен анықталғанымен, ведомствоаралық уәкілетті органдардың базалық дерекқорында интеграцияның болмауынан өзектендіру шаралары өте баяу іске асуда. Ауданымызда әртүрлі жұмыс істеп, табысын жасыратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 43357 азаматты құрайды. Оларды сақтандыру жүйесіне қатыстыру-басты міндет. Аудан бойынша 4850 азаматқа бірыңғай жиынтық төлемі төленіп, санаттары сақтандырылды.