Жер телімдерін заңдастыруда жүйелілік жоқ

Қысқаша

Жер телімдерін заңдастыруда жүйелілік жоқ



Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру міндеттелген.

image.png

Бүгінгі күнге әрбір ауылдық округ әкімдеріне жауапкершілік арттырылып, міндеттемелер жүктелген. Соған сәйкес, ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру қолға алынды. Мысалы, Ақбұлақ ауыл округі егістік жерінен 452,16 га, жайылымдық жерден 116,89 га енгізілді.

Арыс ауыл округінде қалған жалпы 66 га жайылымдық жерлерді Арыс ауыл округі әкімдігінің балансына өткізу үшін толық құжаттары жинақталуда және де қаулы шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ал Қайнарбұлақ ауыл округі 5,6 га егістікті енгізді. Қайнарбұлақ ауыл округінен қоныс аударған, бірақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері аталған ауыл округте орналасқан жер иелерімен тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Манкент ауылдық округі әкімдігі онлайн форматында жұмыс істеуде. 25,37 га егістік жер, 0,3 га жайылымдық жерді енгізілсе, Құтарыс ауылдық округі 3,12 га егістік жерді енгізді.

Қарасу, Көлкент, Жібек Жолы, Қарабұлақ ауыл округтері болса 1 айда мүлдем жұмыс істемеген.

Жалпы бір ай көлемінде аудан бойынша егістік 532 ,43 га, жайылым 117,19 га енгізілді.

Қосымша айта кететін мәселе, қазіргі таңда ауыл айналасындағы жайылымдық жерлерді ортақ пайдалануға қайтару жұмысын жүргізу барысында, жалпы аудан көлемінде 2899 га жер анықталып, келесі ауыл округтері өз меншіктеріне мемлекеттік актіні алу жұмыстары тоқырап тұр. Көлкент - 784 га, Жібек Жолы - 1345 га,

Қайнарбұлақ - 150 га, Ақбұлақ - 137,2 га, Қарасу - 40,0 га, Манкент - 314 га, - деді бүгінгі лездемелік мәжілісте баяндамасында аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Р.Есполай.