Шардарада екі нысанның лентасы қиылды

Қысқаша

Шардарада екі нысанның лентасы қиылды

5.jpg

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шардара ауданында аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев  екі нысанның лентасын қиды. Бұл туралы Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Б.Шомпиев ең алдымен Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде болып, кәсіпкерлік нысан санатындағы "Хиямидин" көп салалы дүкеніне барды. Ол жерде дүкен иесін құттықтады. 

- Сізге халыққа қызмет көрсете отырып , ауданымызда кәсіпкерлік саланы дамытуға қосқан үлесіңіз үшін алғысымды білдіремін. Биылғы жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ауданымызда көптеген игілікті шаралар атқарылуда. Осындай игілікті істің ұйытқысы бола жүріп, халыққа қызмет көрсетіп, көпшіліктің алғысы мен құрметіне бөлене беріңіз. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, жұмыстарыңызға толағай табыстар тілеймін"- деген Б.Шомпиев дүкен иесіне аудан әкімінің Алғыс хатын тапсырды.

Сонымен қатар жиында ауыл ақсақалдары сөз сөйлеп, өз құттықтауларын жеткізді. 

Айта кетсек, қазіргі таңда Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде 18 кәсіпкерлік нысан жұмыс істеуде.

Мұнан кейін аудан әкімінің орынбасары Шардара қаласындағы Өтеғұл елді мекеніне барып, аудан әкімдігі қаражаты есебінен жергілікті тұрғындар үшін салынған (футбол, баскетбол, үстел тенисі) спорт алаңшасының лентасын қиды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жаңадан ашылып отырған спорт алаңшасы жастарымыздың дене тәрбиесімен, спортпен айналысуына, олардың шеберлігін арттыруға және одан әрі шыңдалуына жағдай жасайтынын жеткізді. 


    A+
Уақыты: 2021-08-04  Айдарша: Өңір
TAG: