Мәжіліс депутаты сарыағаштықтармен кездесті

Қысқаша

Мәжіліс депутаты сарыағаштықтармен кездесті

5.jpg

Парламент Мәжілісінің депутаты, «Nur-Otan» партиясының мүшесі - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова Сарыағаш ауданына  арнайы іс-сапармен келіп, аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесудің мақсаты - әйел мен балалардың құқығын қорғау, отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау бағытында жоспарланған шараларды азаматтық қауымдастықтармен кеңінен талқылау, отбасы иститутын нығайту мәселелері бойынша пікір алмасу, осы жөнінде халықтың көзқарасын білу. Жиынға аудан әкімі М.Отаршиев, Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Д.Сариев, аудандық мәслихат хатшысы С.Тасқұлов, тиісті сала басшылары, үкіметтік емес ұйым және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Кездесу барысында әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу тақырыбында сөз қозғалды.

Айта кетейік биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында:

 "Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық маңызды әлеуметтік проблема. Жыл сайын елімізде әйелдерге қарсы 2,5 мыңнан аса қылмыс тіркеледі. Оның ішінде өліммен аяқталғаны бар. Зорлық-зомбылық салдары әйелдердің қоғамға араласуына және отбасы институтына теріс әсер етеді. Бұл өзекті мәселені мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп қана шешуге болады", - деген болатын. 


    A+
Уақыты: 2021-07-22  Айдарша: Өңір
TAG: