Сайланған әкім қызметіне кірісті

Қысқаша

Сайланған әкім қызметіне кірісті

9.jpg

2021 жылдың 25 шілде күні өткен Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауының қорытындысына сәйкес Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Абдуразақ Мәуленов Көктерек ауылдық округінің әкімі болып тіркеліп, қызметіне кірісті. Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жаңадан сайланған ауыл әкімін Көктерек ауылдық округі әкімі аппараты мен округ тұрғындарына аудан әкімі аппаратының басшысы Алмасбек Нақыпбеков пен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Марат Қырықбаев таныстырды.

 Абдуразақ Мәуленов 1969 жылы 14 қыркүйек күні Бәйдібек ауданы, Кеңестөбе ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.

Еңбек жолын 1987 жылдың шілде айында Бәйдібек ауданы (Алғабас) Краснива совхозында жұмысшы болып бастап, 1992 жылы Кеңестөбе ауылындағы мәдениет үйінің музыканты, 1992-2000 жылдары Кеңестөбе ауылындағы Қ.Сыпатаев атындағы орта мектеп жанындағы авторлық мектепте тәрбиеші, 2000-2009 жылдары аталған орта мектептің мұғалімі, директоры, 2010-2016 жылдары Шымкент қаласы, «Бадам-тас строй» ЖШС шебері, прорабы, өндіріс жөніндегі орынбасары, 2017-2019 жылдары «Тарихи-табиғи мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ директордың міндетін атқарушы, саяхаттаушысы, маман болып қызметтер атқарған. 2019 жылдың желтоқсан айынан 2021 жылдың шілде айы аралығында аудандық «Жасыл саябақтар» КММ-нің маманы болып қызмет еткен. 


    A+
Уақыты: 2021-07-29  Айдарша: Өңір
TAG: