«Түркістан ғажайыптары» экспедициясы Созақта

Қысқаша

«Түркістан ғажайыптары» экспедициясы Созақта

19.jpg

 “Nur Otan” партиясы Түркістан облыстық филиалы мен Түркістан облыстық мәдениет басқармасы бірлесіп Түркістан облысындағы тарихи және киелі орындардың, көне ескерткіштердің бүгінгі жай-күйін зерделеу және оны жұртшылыққа насихаттау мақсатында «Түркістан ғажайыптары» өлкетану экспедициясын ұйымдастырды. 

Экспедиция Түркістандағы Қазақ хандығына арналған монументтің маңынан бастау алып, Сауран және Кентаудағы тарихи орындарды аралады. Түркістан облыстық мәдениет басқармасына қарасты «Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталық» директоры Жандос Құрбан, осы орталықтың бөлім меңгерушісі Бақытжан Сабаев, өлкетанушы Сейдалы Дүйсебайұлы Созақ ауданының тарихи орындары Қарабура, Баба Түкті Шашты Әзіз, Балықшы әулие, Хақназар хан кесенелерінде болды.

«Түркістан ғажайыптары» экспедицисын ұйымдастырудағы мақсат – тарихи және киелі орындардың, көне ескерткіштердің бүгінгі жай-күйін зерделеу және оны жұртшылыққа насихаттау. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тарихи-танымдық жоба арқылы жас ұрпақтың бойына отаншылдықты сіңіріп, Түркістан өңірінің туристік әлеуетін көтеру де көзделген. Бұл бастама «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы бойынша «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасына сәйкес жүзеге асырылып отыр.


    A+
Уақыты: 2021-07-29  Айдарша: Өңір
TAG: