«Күй құдіреті» байқауы өтті

Қысқаша

«Күй құдіреті» байқауы өтті

18.jpg 

Теріскейде «Күй құдіреті» облыстық жас күйшілер байқауымен ұлттық аспаптардың байқау-көрмесі өтті

Домбыра қазақтың қасиетті қазынасы. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен 2018 жылыдың алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып бекітілді. Атаулы күнге орай аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Түркістан облысының 3 жыл толуына және домбыра күніне арналған өтетін «Күй құдіреті» облыстық жас күйшілер байқауымен ұлттық аспаптардың байқау-көрмесі өтті. Байқауды ұйымдастырушы Түркістан облысының мәдениет басқармасы мен Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы және Созақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

Қазақ халқының мәдени мұрасының бірегейі- күй өнерін және қазақтың ұлттық аспаптарын бүгінгі жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, дәстүрлі күй орындау өнерін дамыту және талантты жас күйшілерді, ұлттық аспаптар жасайтын шеберлерді анықтау, олардың шығармашылығына қолдау көрсету болатын.

Байқауға облыстың барлық аудандары мен қалаларынан іріктеуден өткен 16-28 жас аралығындағы үміткерлер қатысты. Байқау шартына сай үміткерлер күйлерді қазақтың ұлттық аспаптарында (домбыра,қобыз т.б) орындады. Шерітпе күйдің өзіндік мектебі қалыптасқан Созақ ауданынан шыққан күйшілердің шығармаларын орындады. Өнер сайысына қатысушылар еркін тақырыпта да күй орындап, көрермендер мен қазылар алқасының құлақ құрышын қандырды. 

Теріскей даласын күйге бөлеген өнерпаздар, көпшілікті тәнті етті. Күй орындау бойынша бас жүлдені созақтық –Әли Ақерке Бағдатқызы иеленді. І орынға Түлкібас ауданынан келген күйші Аяпбергенов Бақытжан Сейджанұлы лайық деп танылды. ІІ орын Ордабасы ауданынан Мадибеков Данияр мен Мақтарал ауданынан келген Сұлтан Дінмұханбет Ерланұлы еншісіне берілді. Жүлделі ІІІ орын созақтық Нұржанбаев Бауыржан мен Сайрам ауданынан Оразтаев Нұрсұлтанның қанжығасына байланды. Созақ ауданы әкімінің арнайы жүлдесі Бәйдібек ауданынан келген Донбай Нұрғиса Ергешбайұлына табыс етілді. Түркістан облысы мәдениет басқармасының арнайы жүлдесі түркістандық Қуандықов Нұрдаулет иелік етті. Теріскейдің тарланбоз күйшілері атындағы арнайы жүлде де тағайындалды. Мәселен Төлеген Момбеков атындағы арнайы жүлде Созақ ауданы Ұлықсат Абдуаһаттің қанжығасына байланса, Сүгір Әліұлы атындағы арнайы жүлде Төле би ауданынан келген Жолдас Ерлан Болысбекұлы мен Жаппас Қаламбаев атындағы арнайы жүлде Шардара Абдужаббаровке берілді. Генерал Асқаров атындағы арнайы жүлде келестік Арингазиева Айнура Заманханқызы алды. 

Бүгінде ұлттық аспаптар жасайтын көлөнер шеберлерінің саны да арытып келеді. Ұлттық аспаптардың байқау-көрмесіне барлық аудан, қалалардан қатысуға тілек білдірген шеберлер қатысаты. Олардың жастарына жасына шектеу қойылмайды. Қиуын келтіріп, ұлттық аспаптардың қолөнер шеберлерінің байқауында бас жүлде ордабасылық Шаметов Дастан иеленді. І орын - Төле би ауданынан келген шебер Сәдібеков Қожабектің қанжығасына байланды. ІІ орын Созақ ауданы Нұртаев Өмірсерік лайық деп танылды. ІІІ орын Шардара ауданынан келген Садибеков Молдабай алды. Ұлттық аспапты ұлықтап жүрген Қазығұрт ауданы Ақай Аманжол, Бәйдібек ауданы Донбай Ергешбай, созақтық Нұртаев Ертай мен Бөрібеков Нұрлыбек қатысқаны үшін марапатталды.


    A+
Уақыты: 2021-07-04  Айдарша: Өңір
TAG: