Жол мәселесі шешімін табуда

Қысқаша

Жол мәселесі шешімін табуда

Жолдың жайын жүрген біледі. Осы негізде, Сайрамдықтарды көп уақыттан бері толғандырып келе жатқан жол мәселесі оң шешімін тауып келеді. 

image.png

Осы орайда, Сайрам ауданына қарасты Қарасу ауылдық округінің Төлеби көшесінде орналасқан жолда орта жөндеу жұмыстары қолға алынды. 

Бұл жұмыстарға жауапты болып арнайы өткізілген конкурста мердігер мекеме "Теміртас" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бекітілген.

Қазіргі таңда ұзындығы 1400 метрді құрайтын жол құрылысына қажетті қаржы бөлінген және ол игерілуде.

Ал жол сапасын техникалық қадағалаушы мекеме "Тұран" құрылыс 1618 531,20 тг компаниямен келісім шарт жасаған

Құрылыс жұмыстары қарқын алды. Сәуір айында басталған жұмыстар тамыз айында аяқталады.

image.png