Қоршаған ортаны таза ұстау - басты парыз

Қысқаша

Қоршаған ортаны таза ұстау - басты парыз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында: "Тек өткен ғасырдың ортасында, небәрі бірнеше жыл ішінде миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Бағзы замандардан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай өзгеріп, ас та төк ысырапшылдыққа ұласты. Соның кесірінен, Жер-Ана жаратылғаннан бері шөбінің басы тұлпарлардың тұяғымен ғана тапталған даланың барлық құнары құрдымға кетті. Түгін тартсаң майы шығатын мыңдаған гектар миялы жерлеріміз экологиялық апат аймақтарына, Арал теңізі аңқасы кепкен қу медиен шөлге айналды" деп айта келіп, туған жерді аялап ұстау керектігін ескертті. 

image.png

Осы негізде Сайрам ауданына қарасты, Ақсукент ауылдық округінде  тазалық жұмыстары қолға алынуда. Мәртөбе алаңында фонтан жуылып, шөптері орылды. Сонымен қатар, Ынтымақ күлзарында шөптер орылып, орындықтармен қоқыс жәшіктері сырланып, ағаштары әктелді. Ал, Жібек жолы, Абылайхан, Сұраншы батыр және Ұлы Дала көшелерінде жол бойындағы тікендер орылып, ағаштар бұталды. Жарықтандыру бағаналары сырланды.

Тазалық шарасына 29 қоғамдық жұмысшылар қатысты. Олар сонымен қатар  абаттандыру бойынша конкурс жеңімпазы атанған "Таза астық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандарымен бірге аталған нысандардағы барлық жұмысты жоғары деңгейде орындады. Бұл жұмысқа 5 техника жұмылдырылған.

Осы тазалық шарасының барысында Ақсу өзені бойындағы ретсіз қоқыстар шығарылды . Көлемі 4 текше метрді құрайды оған атсалысқан "Жигита" ЖШС.