Солтүстіктен арзан мал азығы келе жатыр

Қысқаша

Солтүстіктен арзан мал азығы келе жатыр

9.jpg

Түлкібас ауданы әкімдігі елімізде орын алған қуаңшылыққа байланысты мал шаруашылығымен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне арнап хабарлама жолдады. 

-Биыл елімізде орын алған қуаншылық Түркістан өңірін де айналып өтпегені белгілі. Осы орайда облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өзекті мәселенің алдын-алу мақсатында аудан басшыларын Қазығұр ауданында жинап, 2021-2022 жылдың қыс мезгіліне мал азығын дайындау мәселесін талқылады. Нәтижесінде мал асыраумен күн көріп отырған шаруаларды тығырықтан шығару мақсатында еліміздің солтүстік өңірінен жеңілдетілген бағада мал азығы әкелінуі жоспарлануда. Облыстағы жиынан соң аудан әкімі Нұрлан Байғұт аудан әкімдігінің лездемелік жиынында мал азығы қорын дайындау мақсатында тиісті дербес бөлім мен ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, жауапты орынбасарына қатаң бақылауда ұстауын тапсырды. Аталған мәселе бойынша аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы ерте көктемде болжам жасап, бұл бағыттағы жұмыстарды алдын-ала пысықтауды тапсырған болатын. Яғни, ауыл әкімдерімен шаруа қожалық төрағаларының басын қосып, мал азығы қорын дайындауды ескерген болатын.

Солтүстік өңірден мал азығы төмендегі бағада келеді. Атап айтқанда:

Бидай- 1келісі 87 теңгеден;

Арпа-1 келісі 68 теңгеден айналмақ.

Жоғарыда көрсетілген бағада мал азығын алам деуші шаруалар аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне хабарласып тиісті жәрдемге қол жеткізе алады,-делінген хабарламада. 


    A+
Уақыты: 2021-07-14  Айдарша: Өңір
TAG: