Түлкібастық шаруа қарбыздың жапондық “Дэнсукэ” сұртын егіп, мол өнімге қол жеткізгелі отыр. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қауын-қарбыз секілді жылыны сүйгіш бақша өнімдеріне Түлкібас ауданы қолайсыз аймақ. Таулы аймақ болғандықтан көктемнің кеш шығуы және ауа-райының өңіріміздің басқа аудандарынан қарағанда салқын болуы бақша дақылдарының бұл түрлерінің өсіп-өнуіне кері әсерін тигізеді. Дегенмен, бүгінгі кейіпкеріміз 77 жастағы Әжібай Сабуров есімді ақсақалымыз түрлі техналогияларды пайдаланып шаруа қожалығына тиесілі жерінің 6 гектарына қауынның 3 түрін, қарбыздың 6 түрін егіп, мол өнімге қол жеткізгелі отыр.
«Түлкібаста өңірімздің оңтүстік аудандарынан(Сарағаш, Жетісай, Шардара т.б.) қарағанда қауын-қарбыз бір жарым айға кеш піседі. Бұған бірден-бір себеп ауданымызда көктемнің кеш шығуы. Табиғаттың бұл құбылысын еңсеру мақсатында көктемде қауын-қарбыз тақталарына жылыжай технологиясын пайдаланамын. Яғни, көшеттер бой алып, толық өңгенше кленка астында ұстаймын»-деп, кәсібінің қыр-сырымен бөліскен шаруа, бақшаның бұл түрлерін егумен соңғы бес жыл айналысып жүргенің айтады. Өткен жылы 3 гектар жерге еккен қауын-қарбызын алғашқы рет ресей жеріне жөнелтіп, мол табысқа кеңелген. Биыл да шаруа нарықта сұранысы жоғары қарбыздың жапаондық “Дэнсукэ”(қара қарбыз), ресейлік «Волгоград» және т.б. сұрттарын егкен. Өнімін тамыз айының орта тұсында жинап алуды көздеп отырған шаруа, әр гетарынан орта есеппен 30 тоннаға жуық өнім алуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, шаруа қожалық 3 гектар жерге картоп егіп, одан әр гектарынан 40-50 тоннаға жуық өнім алуды болжап отыр.
«Еңбек бәрін де жеңбек»-демекші, осылайша қариямыз ерінбей еңбек етіп, таулы аймаққа жат бақша өнімінің түрлерін өсіріп, көпшілікке үлгі болып отыр.