Түлкібас ауданы әкімдігінде өткен жиында ауыз су мәселесін шешу, вакцинация арқылы ұжымдық имунитетті қалыптастыру және мал азығының жетіспеушілігін барынша реттеу сынды мәселелер талқыланды. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Еліміздің басқа да аймақтары секілді ауданымызда уақытша орын алған қуаншылықтың салдарынан біршама бастау көздері тартылып кейбір елді мекендерде ауыз су жетіспеушілігі орын алып отыр. Аталған мәселені шешу мақсатында аудан әкімі Нұрлан Байғұт жауапты орынбасары М.Жанесенге ауыз су мәселесін реттеу мақсатында жедел жұмысшы тобын құрып, өзекті мәселені тез арада шешуді тапсырды. Ауыл әкімдеріне елді мекендердегі су есептегіш құралдары орнатылмаған үйлерге құрылғыны тез арада орнату жұмыстарын ұйымдастыруды жүктеп, жауапты мекемеге мәселе реттелгенше су жетіспей жатқан ауылдарда тұрғындардың ыңғайлығына қарай кестемен су беруді тапсырды. Қажеттілігіне қарай қосымша су көздерін тауып, ұңғымалар қазуды тапсырды. Аталған бағыттардағы жұмысты төмен орындаған ауыл әкімдерімен мекеме басшыларын қатаң сынға алып, мәселе шешілгенше барлық жұмыс күшін аталған бағытта жұмсауды тапсырды.
Ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының алдағы жұмыс-жоспары және мал азығы туралы болжамын тындай келе, аудан әкімі «өз-өзіміді бірінші қажеттіліктегі азық-түлікпен(көкөніс түрлері) және мал азығымен қамтамасыз ету басты мақсатымыздың бірі»-деді. Бүгінде мал азығының жетіспеушілігі республикалық деңгейде ең өзекті мәсел екенің айтып, осы орайда арнай қор қалыптастыру мақсатында болжамды жоспарлар жасап, облыстық салалық басқармаға жеңілдетілген жем алуға хат жолдауды тапсырды. Сондай-ақ, жем-шөп бағасын тұрақтандыру мақсатында ауыл-аймақтардағы мал азығын өндірумен айналысатын шаруалармен тікелей қарым-қатынас орнатып, аудан тұрғындарына ортадағы делдалдардын араласуынсыз өз бағасына жем-шөпті алып беру жағын ұйымдастыруды жүктеді.
Мобилді топ төрағаларына ағымдағы жылдың 15 шілдесіне дейін облыстық бас санитарлық дәрігерінің №14 қаулысындағы карантиндік талаптарды тұрғындар мен кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын барынша жандандыруды тапсырып, қаулы талаптарына сай аталған мерзімге дейін аудан аумағындағы халыққа қызмет көрсететін мекемелер мен кәсіпкерлік нысандардың қызметкерлері толық екпе алу қажетігін ескертті.
Күн санап өршіп келе жатқан жаман індетке қарсы ұжымдық имунитет қалыптастырып, таралуына тосқауыл шараларын барынша күшейту керектігін атап өтті.