Мобильді топтар түсіндіру жұмыстарына кірісті

Қысқаша

Мобильді топтар түсіндіру жұмыстарына кірісті

5.jpg

Түлкібас ауданында Түркістан облысы бас мемлекеттік санитарының №14 қаулысындағы шектеулерді бұқара халық пен кәсіпкерлік нысандардың иелеріне түсіндіру жұмыстары қарқынды жүруде. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аудан әкімдігінің жаңынан құрылған мобильді топтар ауданды үш негізі бағытқа бөліп, халық көп шоғырланатын орындар мен кәсіпкерлік нысандарын аралап, тұрғындарға соңғы қаулыдағы талаптарды түсіндіруде. Сондай ақ, халықпен етене араласып жұмыс істейтін кәсіпкерлерді ұжымдық имунитет қалыптастыру мақсатында егпе алуға шақыруда. 

Айта кетері, Түркістан облысында карантиндік талаптарды күшейту мақсатында ашық базарлардың жексенбі, ал жабық базарлардың сенбі-жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынды. Бұл туралы Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов брифингте мәлімдеді.

Облыстың бас санитариялық дәрігерінің Қаулысы бойынша, эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін облыс аумағында карантин мен шектеу шаралары қатаңдатылады.

«Қаулы негізінде бұқаралық және отбасылық, сондай-ақ, көпшілік жиналатын өзгеде іс-шараларды, оның ішінде тұрғылықты мекен жайы бойынша (үйде) өткізуге тыйым салынады. Ойын-сауық нысандарының (түнгі ойын клубтары, караоке, букмекер кеңселер, жабық үй жайлардағы балалар ойын алаңдары, батут мен аттракциондар) қызметі уақытша тоқтайды. «Ashyq» жобасына қатыспаған нысандар: мәдениет үйлері, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар, облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар, аудандық, қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар, бильярд, компьютерлік клубтар боулинг, цирктер, банкет залдары қызметіне тыйым салынады», - деді Асқар Ысқақов. 


    A+
Уақыты: 2021-07-14  Айдарша: Өңір
TAG: