«Көнеден қалған сыр сандық»

Қысқаша

«Көнеден қалған сыр сандық»

27.jpg

Қазақстан  Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түлкібас ауданында  «Көнеден қалған сыр сандық»  атты әжелер байқауы өтті.  Байқау «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  көнеден қалған ұлттық заттарымыз бен ұлттық тағамдарымызды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. 

Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ана, Зере, Айғаным секілді асылдардын жалғасы ауданымыздағы әжелер ұрпақ тәрбиесі, ұлттық құндылық, ұлттық сана жолында аянбай еңбек етуде.

Байқауға Машат, Мичурин, Балықты, Жаскешу, Түлкібас, Майлыкент ауылдық округтерінен іріктеліп шыққан әжелер қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша  Бас жүлде-Айбүбі  Телеуоваға  (Майлыкент ауылдық округі) бұйырды.

1-орынды-Нұрақбаева Әшіркүл әже (Балықты ауылдық округі),

2-орынды-Жауылбаева Алтынша әже (Мичурин ауылдық округі),

2-орынды-Естібаева Фатима әже (Түлкібас кенті), 

3-орынды-Шымбекова Күлзинат әже (Жаскешу ауылдық округі) иеленсе, ынталандыру сыйлығымен-Сұлтанова Нағима әже (Машат ауылдық округі) марапатталды.


    A+
Уақыты: 2021-06-23  Айдарша: Өңір
TAG: