Шаңырақтың шаттығын еселеген үшемдер

Қысқаша

Шаңырақтың шаттығын еселеген үшемдер

26.jpg

Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт және аудандық мәслихат хатшысы Сәдуахас Сейсенбаев еліміздің демографиясына ерекше үлес қосып, үшем дүниеге әкелген Махмудовтар шаңырағында болды. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жас ананы құттықтаған аудан басшысы ізгі тілегін арнап, арнайы сый-сияпатын табыстады.

Мамыр айының басында Назипа Янгибаева дүниеге Ислам, Әдина және Самира атты үшем әкелген болатын. Назипа жұбайы Азаматпен бірге Ескендір, Малика және Дария атты 3 баланы әлпештеп өсіріп отырған бақытты ата-ана. Бүгінде Назипа мен Азамат көп балалы ата-ана атанып, Назипа күміс алқаға қол жеткізіп отыр.

Айта кетері, былтыр халыққа арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:

- Отбасылық-демографиялық ахуал – зор алаңдаушылық тудырып отырған мәселе. Өкінішке қарай, Қазақстанда әр¬бір алтыншы отбасы бала сүйе алмай отыр. Сауалнама көрсеткендей, отандас¬та¬ры¬мыз¬дың 20 пайызға жуығы мұны ажы¬расуға негіз болатын елеулі себеп деп санайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының еліміздегі халық санының өсіміне қатысты болжамы Орталық Азиядағы көршілес мем¬ле¬кеттермен салыстырғанда көңіл көншіт¬пейді.

Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңса¬ған сәби» арнаулы бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырамын. Экстра¬кор¬пораль¬ды ұрықтандыру бағдарламалары бойынша бөлінетін квота санын 7 мыңға дейін, яғни 7 есе көбейту қажет.Балалардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау мәселесіне ерекше назар аудару керек,-деп атап өткен болатын. 


    A+
Уақыты: 2021-06-23  Айдарша: Өңір
TAG: