Мемлекеттік қызмет-жауапкершілік, адалдық, белсенділік

Қысқаша

Мемлекеттік қызмет-жауапкершілік, адалдық, белсенділік

25.jpg

23 - Маусым -Мемлекеттік қызметкерлер күні. Осыған орай, Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт әріптестерін төл мерекелерімен құттықтады. 

-Бұл мереке 2002 жылдың 20 желтоқсанында БҰҰ-ң 57-і Бас Ассамблеясының сесиясында 23-маусым мемлекеттік қызметкерлер күні болып белгіленіп, 2014 жылдан бастап дәстүрлі түрде аталып келеді.

Қазіргі таңда ауданымызда Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асқан мемлекет» тұжырымдамасы мен мемлекеттік бағдарламаларды және ауданымыздың әлеуметтік экономикасын дамыту жолында жергілікті атқарушы орган саласында 223 мемлекеттік қызметкер жемісті еңбек етуде. 

Тұңғыш Президентіміз, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев елді тиімді басқару үшін мемлекеттік қызметші ие болуы тиіс басты сапаларды бөліп көрсетті. Бұл – жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оларды іс жүзінде қолдана білу, адалдық және белсенді өмірлік позиция- деген болатын.

Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының маңыздылығын жан жүрегімен сезініп, өз елінің патриоты болып, мемлекеттік қызметтің беделін көтеру үшін барлық шараларды қабылдауы тиіс деп санаймын.

Бұл мамандық өте үлкен жауапкершілікті талап ететіндігі бәрімізге мәлім. Таңдаған жұмысқа әрі қабылдаған Антқа деген адалдық, рух беріктігі және жауапкершілік мемлкеттік қызметкерлерді әр уақытта даралап келген. Сол жауапты міндеттерді мінсіз атқаруларыңызға тілектеспін!

Баршаңызды тағыда мерекелеріңізбен құттықтай отырып - зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға құт – береке, мемлекет мүддесі жолындағы атқарып жатқан еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!-делінген құттықтау хатта. 


    A+
Уақыты: 2021-06-23  Айдарша: Өңір
TAG: