Сақтанудың тиімді жолы - екпе салдыру

Қысқаша

Сақтанудың тиімді жолы - екпе салдыру

16.jpg

Коронавирус індетінің алдын алу мақсатында Ордабасы ауданында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. 

Атап айтар болсақ, аудандағы ескі аурухана ғимараты толық күрделі жөндеуден өтіп, 40 төсек орынды инфекциялық стационар бөлімі және 6-реанимациялық төсек орын, 20 төсек орынды обсервация бөлімі санитариялық -эпидемиологиялық талапқа сай жабдықталды. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сондай-ақ, аудан көлемінде 18 мобильді топ құрылып, ҚР ДСМ 22.06.2020 ж №404 «Короновирус COVID -2019 инфекциясының жеңіл және симптомсыз түрімен тіркелген науқастарды амбулаторлық деңгейде бақылауды ұйымдастыру туралы» бұйрығы және 30.10.2020 ж Денсаулық сақтау министрінің м.у.а А.Гинияттың «Короновирус COVID -2019 инфекциясымен ауырған науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулығын басшылыққа ала отырып , аудан көлемінде 18 дәрігер, 20 медбике науқастарға ем-дом жасауда.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасында 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Ресейде өндірілген «Спутник V», Гам КОВИД , Хайат ВАК вакцинасын қолдана отырып, коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау жүргізіліп келеді.

Осы орайда, аудандық денсаулық сақтау мекемесінің жауаптылары тұрғындарды індеттің алдын-алдын алудың ең тиімді жолы ерікті түрде екпе салдыруға шақырады.


    A+
Уақыты: 2021-06-30  Айдарша: Өңір
TAG: