Тұрғындардың өтініші жерде қалмайды

Қысқаша

Кездесу барысында аудан әкімімен санитарлық тазалық, пәтерлерді жалға алу, үй кезектеріне тұру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, аулаға жарықтандыру жұмыстарын жүргізу және бейнебақылау камераларын орнату сияқты өзекті мәселелердің шешімін табу керектігі

Screenshot_16.png

Еліміздің жастары  "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында баспанаға қол жеткізуде. Үшінші мегаполистің жастары да аталмыш бағдарламаның шарапатын көріп, қоныс тойға куә болуда. Билік өкілдері баспанамен қамтылғаннан жандардың кейінгі жағдайларын да бақылауда ұстап, мәселелерін шешіп беруде.

Мәселен жақында Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұлов жастар бағдарламасы аясында берілген «Нұрсәт» тұрғын алабының   жалдамалы көп қабатты үйлердің  ауласында  тұрғындармен кезекті кездесу өткізді. 

Кездесу барысында аудан әкімімен санитарлық тазалық, пәтерлерді жалға алу, үй кезектеріне тұру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ,  аулаға жарықтандыру жұмыстарын жүргізу және бейнебақылау камераларын орнату сияқты өзекті мәселелердің шешімін табу керектігі айтылды.  Сонымен бірге,  тұрғындар үйлерінің жанында аялдама қою қажеттілігі туындап отырғанын жеткізді.  

Тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-тілектерін тыңдаған аудан әкімі туындап отырған барлық мәселелердің шешімін табу жұмыстары тікелей өз бақылауында екенін атап өтті. 

Айта кетейік, ауданда жалпы тұрғындар қоныстанған 481 көпқабатты үй орналасқан. Ауданның стратегиялық даму жоспарында көпқабатты үйлердің инфрақұрылым мәселелерін  кезең-кезеңімен шешу  қарастырылған.

Айта кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында алдағы 15 жылда 1,5 млн отбасыны баспанамен қамту көзделген. Осыны ескере отырып, тұрғын үй саясатына өзгерістер енгізілді. Яғни, тұрғын үйлерді салынғаннан кейін сатуға басымдық беріледі. Бұл қадам баспана алуға қажетті қаражатты жинауға және жаңа шаршы метрлерді салуға мүмкіндік береді.


    A+
Уақыты: 2021-07-03  Айдарша: Өңір
TAG: