Халықпен кері байланыс орнатылды

Қысқаша

Ал Жангелдин көшесі №166 үй тұрғындары балалар алаңшасының қажеттігі жөнінде өтініштерін жеткізген болатын. Аудан басшысы аталған аулада биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандыру және алаңша орнату жұмыстарының атқарылатындығын жеткізді.

Screenshot_17.png

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында заманауи талаптарға жауап беретін дамудың басты бағыттарын белгілеп, билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату алдағы уақытта атқаратын жұмыстың басым бағытына айналуы тиіс деп атап көрсеткен болатын.

Президент тапсырмасына сай Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев "халықпен кері байланыс" қағидасы аясында кезекті жеке қабылдауын өткізді. Республика даңғылының тұрғындары карантиндік талаптарды сақтамай, түнгі уақытта жұмысын жалғастырып жүрген Республика даңғылында орналасқан қоғамдық тамақтану орнын тексеруді сұраған болатын. Рашид Мамытұлы жауапты сала мамандарына тәртіп сақшыларымен бірге шұғыл түрде рейд ұйымдастыруды тапсырды.  

Ал  Жангелдин көшесі №166 үй тұрғындары балалар алаңшасының қажеттігі жөнінде өтініштерін жеткізген болатын. Аудан басшысы аталған аулада биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандыру және алаңша орнату жұмыстарының атқарылатындығын жеткізді. 

Айта кетейік, Әл-Фараби ауданының әкімі @mynbaev_rashid жеке қабылдауын тұрақты түрде әр бейсенбі күні өткізеді. Қабылдауға жазылу үшін тұрғындар әкімдікке келіп, алдын ала өтініш қалдыруы тиіс. Одан бөлек тұрғындар сұрақтарын әр дүйсенбі күні @alfarabi.shymkent парақшасында тікелей эфирде қоя алады.


    A+
Уақыты: 2021-07-03  Айдарша: Өңір
TAG: