Шымкенттің шыны зауыты жарап тұр

Қысқаша

Бүгінде зауытта 136 адам жұмыспен қамтылған. Олардың жартысы қала ішінде орналасқан офисте. 2 ауысымға бөлінген жұмыс уақытының әрбірінде 32 маман жұмыс істейді. Кәсіпорын басшысы қызметкерлері үшін барлығын жасаған. Арнайы демалатын орын, үш мезгіл тамақ

Screenshot_12.png

«Dana Trade» –Шымкенттегі жетекші компанияның бірі.  Алдыңғы қатарлы инновациялық технологияларды қолдана отырып, Ресейден әкелінген шыныларды өңдеп терезе шығарады. Бағасы қалтаға қонымды. Өндірістегі жаңашылдық:  мұндағы әйнектердің төзімділігінде. Яғни жылу өткізгіштік қабілеті жоғары. Жылдың 4 мезгілге лайықталған. Үнемі ауа температурсын бірқатлыпты ұстайды. Қазіргі таңда өнімге сұраныс жоғары. Әсіресе, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан тапсырыс көп. Зауыт басшысының айтуынша, Түркістан облысындағы мемлекеттік ғимараттардың  80%- дәл осы кәсіпорыннан шыққан шыныларды пайдаланған екен.

 «Бізде бір «Мастер» атты бірегей аппарат бар. Тапсырыс түскен жағдайда шыныға адамның суретін түсіре аламыз»,- дейді «Dana Trade» ЖШС зауытының  басшысыБақтыбай Ілиясов

Аталған зауыт 2015 жылы мемлекеттік бағдарламаның демеуімен іске қосылған. Аумағы 6 га. Жылдық қуаттылығы 180 000 м шаршы метр. Кәсіпорын ашылғанда мемлекет тарапынан көмек ретінде 780 млн теңге қаржы бөлінген, бүгінде зауыттың құны 1.5 млрд теңгені құрап отыр. Өндіріс ошағындағы техникалардың барлығы заманауи. Яғни шетелдер арнайы тапсырыспен әкелінген құрылғылар. Айтып өтейік, Ресей мемлекетінен әкелінген шыныларды өңдеу ең алдымен кесуден басталады. Содан кейін жиектерін өңдеп, балқыту үшін 780 градустағы арнайы пешке  салынады.  Осы  пештің арқасында шыны сапалы болып, ауыр салмақты көтеруге қауқарлы болады.

«Осында жұмыс жасап жатқаныма 5 жыл болды. Жұмыс өзіме ұнайды. Қауіпсіздік ережелері ісақталған»,- дейді зауыттың операторы Адылжан  Махамеджанов.

Бүгінде зауытта 136 адам жұмыспен қамтылған. Олардың жартысы қала ішінде орналасқан офисте. 2 ауысымға бөлінген жұмыс уақытының әрбірінде 32 маман жұмыс істейді. Кәсіпорын басшысы қызметкерлері үшін барлығын жасаған. Арнайы демалатын орын, үш мезгіл тамақ, жоғары жалақы мамандардың жұмысқа деген құлшынысын арттыратын көрінеді.


    A+
Уақыты: 2021-07-01  Айдарша: Өңір
TAG: