Әкім Тұранды аралады

Қысқаша

Сонымен қатар, Тұран шағынауданында биыл 13 көшенің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңында 7 көшеде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталады. Қалған 6 көшенің құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі.

Screenshot_11.png

Тұран шағынауданындағы ауыз су, табиғи газ, жол және кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын пысықтауға мегополис мэрі Мұрат Әйтенов арнайы барып танысып шықты.

Тұран шағынауданын табиғи газбен қамтамасыз ету үш кезеңге жоспарланған. 1-кезең бойынша магистралдық газ құбырының құрылыс жұмыстары аяқталған. 2-кезеңдегі магистралдық газ құбырының құрылысына «Асем құрылыс» ЖШС тарапынан ЖСҚ әзірленді. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс берілді. Сондай-ақ, 3 кезең бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізуге «Асем құрылыс» ЖШС тарапынан ЖСҚ әзірленуде. Биыл сараптаманың оң қорытындысы алынып,  құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс беріледі.

Ал, су мәселесіне келсек, 1-кезеңдегі ішкі орамдық су жүйелердің құрылысына жауапты  мердігер – «Үш Сай» ЖШС. Ондағы су жүйелерінің ұзындығы – 63 шақырым. Құрылысты биыл қыркүйек айында аяқтау жоспарда. Қазіргі кезде жер мәселесін шешу қалды.2-кезеңдегі ішкі орамдық су жүйелерінің құрылысы «Газовое хозяйство» Шымкентгаз» ЖШС тарапынан атқарылды. Су жүйелерінің ұзындығы – 120 шақырым.

Сонымен қатар, Тұран шағынауданында биыл 13 көшенің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңында 7 көшеде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталады. Қалған 6 көшенің құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі. 

Қала әкімі инфрақұрылым нысандарын жүргізіп жатқан әрбір мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, жұмыс барысы туралы әңгімелесіп, жағдайларымен танысты. Тұран жаңа үлгідегі шағынаудан екендігін айта келе, әкім мердігерлерге мұндағы жасалған жұмыстардың әр кезеңінде сапаға көңіл бөлу керектігін айтып, мәселелердің шешілуі үшін басқарма басшыларына тапсырма берді.  Сондай-ақ, шаһар басшысы мердігер мекемелерге жұмысқа жергілікті халықты тарту қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Қала әкімі Тұран шағынауданындағы жарықтандыру жүйелерінің және №7 электр энергиясын тарату бекетінің құрылыс барысымен танысты. Тұран шағынауданын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында «Әсем Құрылыс» ЖШС тарапынан екі кезеңнен тұратын жобалау сметалық құжаттамасы әзірленді. 1-кезең – 10 кВ магистралдық желілер болса,  2-кезең – 0,4 кВ ішкі электр желілері құрылысы. Бірінші кезең бойынша 10 кВ магистралдық электр желілері және электр тарату бекеттерінің құрылысына бюджеттен қаржы қаралған. Құрылысты биыл аяқтау жоспарда.  Ал екінші кезең бойынша 0,4 кВ ішкі электр желілерінің  құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылады. Жалпы құрылыс жұмыстарын жүргізу 2021-2022 жылдарға жоспарланған.


    A+
Уақыты: 2021-07-01  Айдарша: Өңір
TAG: