Магистралды су құбырларының құрылысын бақылады

Қысқаша

Бүгінге дейін 1,5 шақырым құрылыс жұмыстары орындалды. Құрылыс басында жалпы төрт бригада жұмыс істеп жатыр. Құрылысты 2021 жылдың қазан айында аяқтау жоспарда.

Screenshot_19.png

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың солтүстік бөлігіндегі суаққылардың құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. 1-ші аймақ айналма жолынан бастап Асар шағынауданына дейін магистралды су таратқыш салу жұмыстары «Сарыағаш-Аман» ЖШС тарапынан атқарылуда.

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында мамыр айында  құрылыс жұмыстары басталған болатын. Құбырлардың жалпы ұзындығы – 13,754 шақырым. Бүгінгі таңда 1,5 шақырым құбыр жұмыстары аяқталды.Мердігер мекеме құрылысты биыл қазан айында аяқтап, тапсыруды жоспарлауда. Сондай-ақ, «Асар-2» шағынауданынан бастап Алматы тас жолының қиылысына дейін магистралды су құбыры жүргізілуде. Бас мердігер – «Build stroi» мекемесі. Құрылыс 2021 жылдың мамыр айында басталды. Нысанның жалпы ұзындығы – 11,706 шақырым. Бүгінге дейін 1,5 шақырым құрылыс жұмыстары орындалды. Құрылыс басында жалпы төрт бригада жұмыс істеп жатыр. Құрылысты 2021 жылдың қазан айында аяқтау жоспарда.

Қала әкімі сондай-ақ  «Көмешбұлақ» су жинақтаушысынан «Тұран» шағынауданы айналма жолына дейінгі үш магистралды суаққының құрылыс алаңына барды. Тұран шағынауданында «Көмешбұлақ» су жинақтаушысынан бастап айналма жолға дейін ұзындығы 4,48 шақырым су тартқышының екі желісін салу жұмыстары жүргізілуде. Бас мердігер – «Сарыағаш-Аман» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталған болатын. Мердігер мекеме құрылысты биыл қыркүйек айында аяқтауды жоспарлап отыр.Су құбырларының ұзындығы – 11,378 шақырым. Бүгінге дейін 6,262 шақырым құбыр жұмыстары аяқталды.Қала әкімі жауапты мердігерлерге жұмысты сапалы әрі тиісті мерзімде аяқтауды тапсырды.


    A+
Уақыты: 2021-06-21  Айдарша: Өңір
TAG: