Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Ауыл – Ел тірегі» жобасының кезекті онкүндігі Ақбұлақ ауылдық округінде бастау алды. 5 мыңнан астам тұрғыны бар Ақбұлақ ауылдық округінде алдағы онкүндікте 85 іс-шара өткізу жоспарлануда. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл ауқымды жоспар барысын аудан әкімінің орынбасары Ш. Убайдуллаев төрағалық еткен мәжілісте аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Нұрлыбаев тарқатып баяндады.
Электр трансформаторлары мен электр бағаналарының жәйін зерделеу, зерттеу нәтижесімен ретке келтіру, Рәсіл ата көшесіндегі тозығы жеткен электр бағаналарының бесеуін ауыстыру, сенбілік жұмыстары, ауыз су жүйесінің темір - бетон құдықтарына қақпақтар орнату, Мәткерім көшесінде орналасқан коммуналдық тұрғын үйге табиғи газ қосу жұмыстары жүргізілмек.
Сондай-ақ Әл-Фараби және Ақсу көшелеріне талдау жүргізіп, анықталған ақауларды қайта қалпына келтіру, ішкі көшелерге және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жол белгілерін, ескірген жол белгілерін анықтап-ауыстыру, жасанды жол кедергісін қажеттілікке қарай орнату, жолақтар сызу, аудандық маңызы бар KXSR-20 "Ақбұлак-Шымкент қаласының шекарасы" автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстарына ұсыныс дайындалады.
Ақбұлақ ауылындағы облыстық дарынды балаларға арналған 200 орындық мектеп құрылысы», «Ақбұлақ ауылындағы облыстық дарынды балаларға арналған 200 орындық мектеп құрылысы» нысандырының құрылыс мәселелерін, баспанаға мұқтаж әлеуметтік сала қызметкерлерін қызметтік баспанамен қамтамасыз ету мақсатында Ақбұлақ ауылында салынған 2 қабатты 12 пәтерлі үйді сатып алу жолдарын қарастыру жұмыстары да жүргізілетін болады.
Ал канал мәселесі бойынша, Ақбұлақ ауыл округінде онкүндік жоба аясында 2 каналдың 4 шақырым бөлігін механикалық тазалау жүзеге асырылмақ.
Жоспарланған іс-шараларға аудан әкімінің орынбасары Шухратулла Азаттуллаұлы жауапты ретінде бекітілді.