Мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Қысқаша

Мемлекеттік қызметшілер марапатталды

202710349_1501807773515362_6150703440365671880_n.jpg

Түркістан облысы Сайрам  аудандық мәдениет үйінде Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. 

Шараға арнайы қатысқан Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлы аудандағы мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтап, партия атынан алғыс хаттар табыстады.

Бүгінде 220 мыңға жуық халқы бар Сайрам ауданында аудан әкімі аппаратында, 11 ауылдық округтері әкімі аппараттарында, 13 дербес бөлімдерде жалпы 249 мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Оның ішінде 151-і ер азаматтар болса, 73-і қыз-келіншектер. Ал, 47 мемлекеттік қызметші - 30 жасқа дейінгі жастар.

Мемлекеттік қызмет қоғамның бір бөлшегі ғана емес, жалпы барлық саланы біріктіретін, реттейтін жауапты қызмет. Еліміздің болашағын кемелдендіру жолында жылдан-жылға мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру, қажетті кадрларды дайындау қолға алынып келеді. Осы бағытта әр қызметші билік пен қоғамның ашық байланысын орната отырып, мемлекеттік саясаттың орындалуы мен насихатталуына, қолданыстағы заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес, қызмет атқаруы міндетті. 

Қиындығы мен қызығы қатар жүретін ауқымды сала мамандары, жергілікті мемлекеттік қызметшілер ауданның өсіп-өркендеуіне және қоғамдық-саяси өмірінің жақсаруына үлесін қосып, аянбай еңбек етуде. 

Мерекелік іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.


    A+
Уақыты: 2021-06-24  Айдарша: Өңір
TAG: