Тарихқа тұнған жер...

Қысқаша

«Екі мың жылдан астам тарихы бар біздің орта ғасырлық қала Цитадель, Шахристан Және Рабат сынды бөліктерден тұрады. Тарихи кешеннің әр қақпасынан кіріп-шығудың өзіндік мазмұны бар. Бұл аймақ көне артефактілер мен аңыз-әпсаналарға толы», — дейді «Шымқала»

Screenshot_11.png

2200 жылдық тарихы бар шырайлы Шымқала күні биыл ерекше форматта өтті. Пандемияның кезінде бұқараның бас амандығын ойлаған мәдениет орталығы  қала тұрғындарына  мерекені ASHYK бағдарламасы арқылы тойлауға жағдай жасады.

Мереке қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов және ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросының директоры К.Пикат «Шымқала» тарихи-мәдени кешеніндегі тарихи-мәдени және жер асты музейлердің жұмысымен танысты.

Ескі қалашық жанынан ашылған «Шымқала» тарихи-мәдени кешен 2021 жылы наурыз айында жұмысын бастаған еді. Ондағы музейлерде ескі жәдігерлер, тарихи маңызы бар түрлі заттар сақталып, қаламыздың тарихын айшықтайтын тарихи орынға айналған.

«Екі мың жылдан астам тарихы бар біздің орта ғасырлық қала Цитадель, Шахристан Және Рабат сынды бөліктерден тұрады. Тарихи кешеннің әр қақпасынан кіріп-шығудың өзіндік мазмұны бар. Бұл аймақ көне артефактілер мен аңыз-әпсаналарға толы», — дейді «Шымқала» тарихи-мәдени кешені директорының м.а., тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Саттар Мажитов. 

Айта кетейік, «Ескі қалашық «Қазақстан Республикасы туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясындағы туристендіру картасының ТОП-50 нысанының тізіміне енгізілген болатын. Қала қонақтарына шаһар шежіресімен терең танысуына мүмкіндігі беретін Цитадель жобасының VR-ролигі әзірленген. Аталған жоба арқылы тұрғындар мен қала қонақтары Цитадельдің ежелгі тарихынан бергі көріністі үш тілде виртуалды тамашалайды. 


    A+
Уақыты: 2021-06-21  Айдарша: Өңір
TAG: