Туристер көбеюде

Қысқаша

Айта кетейік, биыл туристер үшін «Shymkent Tourism Center» туристік-ақпараттық орталығы» КММ-і құрылып, visit-shymkent.kz порталы жұмыс істеуде. Ал, көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы Шымкент бағытында «FlyArystan» әуекомпаниясы

Screenshot_6.png

Шымкент қаласында цифрландыру басқармасының жұмыстары бойынша, өткен жылы қаланы сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар үш кезеңге бөлініп, қазіргі таңда алғашқы кезеңінде қаладағы шағын аудандар мен тұрғын алаптар аумағына 11 базалық станция орнатылды. Биыл 2-кезеңінде 14 жер қарастырылып, координаталары мобильді байланыс операторларымен келісілді. Оның ішінде жеке инвестор қаражатынан 8 жерге базалық станция орнатылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында  қаланың стратегиялық дамуы аясында атқарылып жатқан жұмыстары бойынша өткен баспасөз-брифингінде мәлімдеді. 

Одан бөлек, спикер туризм саласына да тоқталды. Айтуынша  республикалық көрсеткішке сәйкес,  қалаға келген туристер саны бойынша Шымкент қаласы 5 орында тұр. Биыл қаламызға келуші туристердің саны 71 156 адамға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда (47 741 адам) 149,1%-ға ұлғайған. Ішкі туризм бойынша келушілер саны - 69 733 адам, ал кіру туризмінің көрсеткіші - 1 423 адам. 

Айта кетейік, биыл туристер үшін «Shymkent Tourism Center» туристік-ақпараттық орталығы» КММ-і құрылып, visit-shymkent.kz порталы жұмыс істеуде. Ал, көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы Шымкент бағытында «FlyArystan» әуекомпаниясы тарапынан 7 рейс (Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар) ашылса, биыл қосымша 3 рейс (Ақтөбе, Орал және Семей) іске қосылды.


    A+
Уақыты: 2021-06-16  Айдарша: Өңір
TAG: